gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: микро және шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдік қарастырылды

5 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысы: микро және шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдік қарастырылды
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Ибрагимова айтты.
«Бүгінде Түркістан облысы бойынша 8 435 микро және шағын кәсіпкерлік нысанның салық берешегі бар. Жалпы берешек көлемі – 4,8 млрд теңге, ал өсімпұл – 1,2 млрд теңге, айыппұл – 649 млн теңгені құрайды. Егер кәсіпкерлер негізгі қарыз – 4,8 млрд теңгені толық өтесе, онда 1,8 млрд теңгеге жуық өсімпұл мен айыппұл есептен шығарылады. ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен микро және шағын кәсіпкерлік нысандары үшін негізгі салық қарызы толық өтелген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары бекітілді. Қағидаға сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан салық берешегі толық өтелген жағдайда, сол берешекке есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады. Микро және шағын кәсіпкерлік нысандары 2026 жылдың 1 қаңтардағы берешегін 31 наурызға дейін толық өтеуі тиіс. Бұл жағдайда мемлекеттік кірістер органы 3 жұмыс күні ішінде өсімпұлды есептен шығару туралы шешім қабылдайды», — деді спикер.
Меруерт Амангелдіқызының сөзінше, бұл шаралар жаңа салық кодексіне өтпелі кезеңде кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында енгізілген. Нәтижесінде шағын және микро бизнеске түсетін қаржылық жүктеме азайып, кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туады. Салық берешегі өтелмеген жағдайда салық органы салық төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады. Бұл шара салық берешегі төленбеген немесе дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама 20 жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда қолданылады. Егер қарыз 20 АЕК-ке дейін болса, салық төлеушіге тек берешектің қалыптасқаны туралы хабарлама жіберіледі. 20 АЕК-тен 45 АЕК-ке дейінгі берешек кезінде берешекті өтеу туралы хабарлама жолданып, банктік шоттар мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылады. Ал 45 АЕК-тен асатын берешек болған жағдайда барлық мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады. Егер салық берешегі 27 000 АЕК-тен асса және 3 ай ішінде өтелмесе тұлғаға ҚР шығуға уақытша шектеу қойылуы мүмкін.
Айта кетсек, жеке тұлғаларға қатысты да нақты тәртіп белгіленген. Салық берешегі туындаған жағдайда берешекті өтеу туралы хабарлама 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. Егер хабарлама талаптары орындалмаса, салық органы салық бұйрығын шығарады. Ал ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда, мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
Previous Post

ХАБАРЛАНДЫРУ

Next Post

Төлеби ауданындағы индустриалды аймақта биыл 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 500-ге жуық жұмыс орны ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz