gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Nauryz sale» мерекелік акциясы өтуде

12 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «Nauryz sale» мерекелік акциясы өтуде
Share on FacebookShare on Twitter
Наурыз мерекесіне орай Қазақстанда 13-23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы өтеді. Науқан отандық тауар өндірушілерді қолдауға, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға жеңілдіктер қарастыруға, сондай-ақ олардың халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Түркістан облысы бойынша акцияға «Turan mall», «Khanshaiym Plaza», «Karavan saray» сауда және ойын-сауық орталықтары мен «Molshylyk», «Дастархан», «Бәйтерек», «Halyk» сауда желілері қатысуда. Акция аясында аталған сауда нысандарында азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10-25% аралығында жеңілдіктер қарастырылған.
Айта кетейік, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылдың 13-20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновация сервистерін дамытуға бағытталған.
Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.
Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптама комиссиясы анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Previous Post

Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2,6 трлн теңгенің өнімі өндірілген

Next Post

Түркістанда автокөлік компрессорлық газ құю станциясы бар заманауи сервистік орталық іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz