Түркістан қаласында жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд өткізді.
Шара барысында полицейлер жаяу жүргіншілер көп жүретін көшелер мен жол өткелдерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша профилактикалық шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде белгіленбеген орындардан жолды кесіп өткен 100-ден астам азаматқа әкімшілік шара көрілді.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды сақтық танытып, белгіленген жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілерге жолды тек арнайы белгіленген өткелдерден өтіп, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.



