Егер сіз күндізгі бөлімде оқитын студент болсаңыз, МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіресіз. Сіз үшін жарналарды мемлекет төлейді, яғни өз қалтаңыздан төлем жасамайсыз.
Сондай-ақ, күндізгі бөлімде оқып жүріп жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші сіз үшін аударым төлеуден босатылады.
Бұдан бөлек, егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз және күндізгі бөлімде оқып жүрсеңіз, МӘМС жарналарын төлеуден босатыласыз.
Айта кетерлігі, Қор жеңілдік санатын өзі бермейді. Тізім Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері негізінде, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйе-сінен алынған мәліметтер арқылы қалыптастырылады.
Жарналар бойынша қарыздың пайда болмауы және «сақтандырылған» мәртебесін сақтау үшін Telegram-дағы SaqtandyruBot арқылы жеңілдік санатының бар-жоғын тексеріп отыруды ұсынамыз. Егер жеңілдік санаты шықпаса, деректерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерге дұрыс енгізу үшін өзіңіздің жоғары оқу орныңызға жүгініңіз.
Шетелде оқитын студенттер «сақтан-дырылған» мәртебесін алу үшін egov.kz порталында өздігінен тіркеледі.
Өркен емханасы



