gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаулық колледж студенті халықаралық байқаудың қола жүлдегері атанды

16 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаулық колледж студенті халықаралық байқаудың қола жүлдегері атанды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысындағы Кентау көпсалалы колледжінің студенті халықаралық байқауда жүлделі орын иеленді. Колледждің «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 2-курс студенті Рысхан Ақмарал Венгрия астанасы Будапешт қаласында өткен халықаралық жарыста III орын алды.
Байқау «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылып, халықаралық достық кездесу аясында өтті. Оған Венгрия, Италия, Чехия, Қазақстан және Ұлыбритания елдерінің өкілдері қатысты. Жарыс барысында қатысушылар кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және дайындық деңгейін көрсетті. Рысхан Ақмарал теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, тапсырмаларды сапалы әрі уақытында орындап, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.
Айта кетейік, Ақмарал бұған дейін Түркістан облыстық чемпионатында осы құзыреттілік бойынша I орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған еді. Сонымен қатар ол – «WorldSkills Kazakhstan – 2025» республикалық чемпионатының алтын медаль иегері және «RegionSkills 2024-2025» чемпионаттарының жеңімпазы. Қазіргі уақытта студент «WorldSkills Shanghai – 2026» халықаралық чемпионатына дайындық үстінде.
Previous Post

Мемлекет басшысы: «Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі»

Next Post

Таразда өткен ел чемпионатында түркістан облысының балуан қыздары топ жарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz