gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келестік Мұхтаровтар жанұясы отбасылық кәсіпті өркендетіп отыр

16 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келестік Мұхтаровтар жанұясы отбасылық кәсіпті өркендетіп отыр
Share on FacebookShare on Twitter
Келес ауданы, Ұшқын ауылының тұрғыны Малика Мұхтарова ауылдық жерде шағын сүт өнімдерін өңдеу ісін дамытып отыр. Ол ауылдардан сүт жинап, тәулігіне шамамен 500 литр сүттен өнімдер дайындайды. Шаруа сүттен айран, қаймақ, сары май, құрт және ірімшік сияқты дәстүрлі сүт өнімдерін өндіреді. Осы еңбегінің арқасында ай сайын 500 мың теңгеден астам табыс тауып отыр.
«Біздің өнімді ауыл тұрғындары мен көрші аудандардағы азаматтар тұтынады. Барлық өнімді таза әрі сапалы дайындауға ерекше мән береміз. Қазіргі таңда кәсіпорында төрт техника бар. Өнімдер аудан базарына, көрші аудандарға және Шымкент, Алматы қалаларына жеткізіледі», – дейді Малика Мұхтарова.
Отбасылық кәсіпке жұбайы Қалдыбай Мұхтаров та үлес қосып келеді. Ол үй ауласында мал бордақылаумен айналысып, 20 бас ірі қара мал бағып отыр. Бордақыланған малдың ет өнімдері аудан базарына шығарылып, жергілікті тұрғындарға ұсынылады. Мұхтаровтар отбасы тек кәсіпкерлікпен ғана емес, берекелі шаңырағымен де үлгі боларлық жанұя. Олар төрт ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Бақытты отбасының бүгінде сегіз немересі бар.
Previous Post

Таразда өткен ел чемпионатында түркістан облысының балуан қыздары топ жарды

Next Post

Қазығұртта 20-дан астам отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz