gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда көктемгі абаттандыру мен гүл егу жұмыстары қарқын алды

18 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда көктемгі абаттандыру мен гүл егу жұмыстары қарқын алды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында көктемгі абаттандыру, санитарлық тазалық және көгалдандыру бағытындағы кешенді жұмыстар жүйелі түрде қарқынды жүргізіліп жатыр. Қала аумағында туристік нысандар, орталық көшелер мен тұрғын үйлер аулаларында тазалықты сақтау, қоқыстарды уақтылы шығару және жол жиектерін ретке келтіру жұмыстары күнделікті бақылауға алынған.
Көктемгі кезеңге сәйкес көгалдандыруға ерекше назар аударылып отыр. Атап айтқанда, көгалдарды күтіп ұстау, суару жүйелерін реттеу, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар сынған немесе бүлінген инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру, орындықтар мен жарықшамдарын жөндеу, ағаштарды әектеу, бұталарды қырқу, балалар және спорт алаңдарын ретке келтіру шаралары да қатар атқарылуда.
Осы жұмыстар аясында қалада көктемгі гүл егу науқаны басталды. Жалпы жоспар бойынша 2 миллионға жуық гүл отырғызу көзделген. Қала аумағында гүлдердің бірнеше түрі егіліп, көшелердің сән-салтанаты арта түсті.
Гүл егу жұмыстары қаланың негізгі кіреберіс аймақтарын, туристік нысандар маңын және орталық көшелерді қамтиды. Атап айтқанда, Б.Саттарханов даңғылы, әуежай мен теміржол вокзалы аумақтары, сондай-ақ «Керуен сарай», «Конгресс Холл» кешені, әкімшілік-іскерлік орталық, саябақтар мен гүлзарларда кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Туристік маусымның басталуына және Наурыз мерекесі қарсаңында қалаға келушілер саны еселеп артады. Осыған байланысты тарихи-мәдени және туристік нысандардың санитарлық жағдайы мен абаттандырылуы тұрақты бақылауға алынған. Қоғамдық орындарда тазалық сақтау, қызмет көрсету сапасын арттыру және қала келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар жоғары деңгейде үйлестірілген.
Previous Post

Түркістандағы хан мешітінің ішкі экспозициясы келушілер назарына ұсынылды

Next Post

Жетісайда ерекше балалар қуанышқа бөленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz