gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының аудан-қалаларында ұлттық киім күні аталып өтті

18 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының аудан-қалаларында ұлттық киім күні аталып өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысының аудан, қалаларында Ұлттық киім күні жоғары деңгейде өткізілді. Мемлекеттік және өзге де мекеме қызметкерлері ұлттық киім кисе, ұлттық киімді дәріптеген мазмұнды іс-шаралар да ұйымдастырылды. Солардың бірқатарына тоқталсақ, Шардара ауданында Наурыз мерекесіне орай Ұлттық киім күні аясында «Өмірге сән сыйлаған аналар» тақырыбында өнегелі жиын өтті.
Іс-шараны Шардара ауданы әкімдігінің «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мамандары мен «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы бірлесе үйлестірді.
Іс-шара барысында «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі, Шардара ауданының құрметті азаматы Жарылқасын Мұталиева ансамбльдің тарихымен бөлісіп, сахнада киген ұлттық киімдерін мұражай қорына табыстады. Сонымен қатар «Қасиет» орталығынан қызмет алушы Тасбике Серікбаева әкесінен қалған құнды жәдігер – түлкі ішігін музейге сыйға тартып, ұлттық мұраның сақталуына өз үлесін қосты.
Айта кету керек, мерекелік шара аудан әкімдігі алдынан бастау алған ұлттық киімдегі шеру арқылы ерекше әсер қалдырды. «Тұңғыш Президент» саябағы арқылы мұражайға дейін жалғасқан бұл керуенде ата-әжелер ән шырқап, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл көрініс Наурыз мерекесінің шырайын аша түсті.
Сонымен бірге Жетісай ауданында да Ұлттық киім күні кең көлемде аталып өтті. Мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор мерекелік шараға аудан әкімдігі өкілдері мен тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында ұлттық нақыштағы киімдерге ерекше мән беріліп, көктемнің жаршысындай құлпырған жастар мен аудан өнерпаздары әсем ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Түрлі-түсті ұлттық киім киген қатысушылар алаңға сән беріп, халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеді.
Previous Post

Кентау қаласында биыл 33 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізіледі

Next Post

Кентау политехникалық колледжінде it-кабинеті ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz