gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Су ресурстары министрі Төлеби ауданындағы «Қарақуыс» су қоймасының құрылысымен танысты

26 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Су ресурстары министрі Төлеби ауданындағы «Қарақуыс» су қоймасының құрылысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысы, Төлеби ауданына арнайы іссапармен келіп, салынып жатқан «Қарақуыс» су қоймасының құрылыс барысымен танысты. 2024 жылы басталған жоба бүгінде аяқталуға жақын. Құрылысты «Корпорация Қазығұрт» ЖШС жүргізуде. Жобаның жалпы құны – 1 млрд 123 млн теңге.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудандағы су шаруашылығы нысандарының жай-күйі туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, ауданда 4 су қоймасы бар. Соның ішінде «Ащы» су қоймасы 206 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар «Кәусар» су тоғандары мен «Абай су қорғау» бөгетінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Ауданда 10 өзен бар. Жылдық су ағыны 2,3 млрд текше метрді құрайды. Ауданға бөлінген лимит – 66 млн текше метр. 2025 жылы 20 млн текше метр су пайдаланылған. Бүгінде 74 канал «Төлеби су шаруашылығы» МКК теңгерімінде, ал суармалы жер көлемі 9813 гектарды құрайды.
Су инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жүргізілуде. Өткен жылы 33,8 шақырым канал тазаланып, 16,4 шақырым қашыртқы қазылды. 2026 жылы 20 каналға механикалық тазалау жүргізіліп, 14,58 шақырым қашыртқы ретке келтіру жоспарланған.
Су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында да нақты нәтижелер бар. 2025 жылы 612 гектарға енгізіліп, жоспар 100% орындалды. 2026 жылы бұл көрсеткішті 412 гектарға жеткізу көзделіп отыр.
Жалпы, «Қарақуыс» су қоймасының құрылысы мен су инфрақұрылымын дамыту жұмыстары өңірдің су қауіпсіздігін нығайтып, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына оң әсерін тигізеді.
Previous Post

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы: Олжас Бектенов Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысты

Next Post

Қазығұртта өткен «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына 500-ге жуық тұрғын қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz