gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Мөлдір бұлақ» экоакциясы аясында Хантағыдағы бұлақ көздері ашылды

26 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда «Мөлдір бұлақ» экоакциясы аясында Хантағыдағы бұлақ көздері ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» атты ауқымды экологиялық шара ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі бастамаға қала әкімі Жандос Тасов, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары, еріктілер және белсенді жастар қатысты.
Шара барысында қала әкімі акцияға қатысушыларға алғыс білдіріп, қоршаған ортаны қорғау баршаның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды тазалықты сақтау, туған жерге жанашырлықпен қарау және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.
Акция аясында Хантағы ауылындағы тау бөктеріндегі бұлақ көздерін ашу, ағын су жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 400-ден астам адам жұмылдырылып, 10-нан аса арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Аталған іс-шара қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта да Кентау қаласында экологиялық акциялар жалғасын тауып, тазалықты сақтауға бағытталған жобалар іске асырылады.
Айта кетейік, облыс көлемінде «Мөлдір бұлақ» акциясы Түлкібас ауданында басталып, оған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан болатын.
Previous Post

Наурыз мейрамы қарсаңында Түркістан облысында көне балуан тас көтеру рәсімі жаңғырды

Next Post

Олжас Бектенов Түркістан облысында электр стансасын салу жөніндегі Президент тапсырмасының жүзеге асырылу барысын тексерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz