gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейін денсаулық сақтауды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді

27 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақстанда 2029 жылға дейін денсаулық сақтауды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді
Share on FacebookShare on Twitter
Құжат азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған, тұрақты әрі тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды. Бұл жүйе халықты толық қамтуды және сапалы медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Тұжырымдама кешенді жүйелі шараларды іске асыруды көздейді. Олардың қатарында интеграцияланған медициналық көмекті дамыту, жаңа буындағы цифрлық шешімдерді енгізу, кадрлық әлеуетті нығайту және медициналық ғылымды дамыту бар.
Негізгі мақсат – 2029 жылға қарай күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін арттыру, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары, онкологиялық аурулар, қант диабеті және созылмалы респираторлық аурулар сияқты негізгі инфекциялық емес аурулардан болатын мерзімінен бұрын өлімді төмендету.
Құжат 9 стратегиялық бағытты қамтиды. Олардың ішінде жаңа буындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, жоғары технологиялық және дербестендірілген медицинаны енгізу, дәрілік қамтамасыз етуді күшейту және отандық фармацевтикалық саланы дамыту бар.
Жалпы Тұжырымдаманың шеңберінде 168 іс-шара және нысаналы индикаторлар жүйесі көзделген. Олар республикалық және өңірлік деңгейде іске асырылатын болады.
Тұжырымдама жетекші сарапшылардың, ғылыми қауымдастықтың, медициналық жоғары оқу орындарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынык, ЮНИСЕФ және ЮНФПА-ның қатысуымен әзірленді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Тұжырымдаманы іске асыру медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға және халық денсаулығын одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.
Previous Post

Былтыр сот орындаушылары мемлекет кірісіне 63,4 млрд теңге өндірді

Next Post

Түркістан облысының шағын өндірістік парктерді құру тәжірибиесі басқа облыстарда қолданылмақ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz