gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасыда қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді

1 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасыда қызыл кітапқа енген қызғалдақ гүлдеді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысына қарасты Ордабасы тауының бөктерінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін – Корольков қызғалдағы гүлдеп, көздің жауын алуда.
Жыл сайын еліміздің оңтүстік өңірлерінде ғана кездесетін бұл нәзік гүл – табиғаттың баға жетпес байлығы. Әсіресе, Ордабасы ұлттық-тарихи мәдени қорық аумағында оның ерекше көптеп шығуы – биылғы көктемнің көркем көріністерінің біріне айналды.
Былтыр құрғақшылықтың әсерінен сирек көрінген қызғалдақ биыл табиғаттың қолайлы жағдайының арқасында жайқалып, тау бөктерін қызыл-сары кілемге орап тұр. Биіктігі небәрі 6-7 сантиметр болатын бұл өсімдік топталып өсіп, кең алқапты көркем кілемдей көмкерген.
Жұпар иісі аңқыған, көз сүйсіндірер көркем келбетімен жанға жылулық сыйлайтын Корольков қызғалдағы – табиғаттың шынайы ғажайыптарының бірі. Оның әрбір күлтесі – сұлулық пен нәзіктіктің белгісіндей.
Сонымен қатар сирек кездесетін бұл өсімдік ерекше қорғауды қажет етеді. Табиғи мұрамызды сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Previous Post

Отырар ауданында шіркейге қарсы дезинсекция жұмыстары басталды

Next Post

Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи ізімен қолөнершілер» атты халықаралық мәдени және ғылыми симпозиум өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz