gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстандағы әлеуметтік қызметтер ЖИ және проактивті форматқа көшуде

2 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақстандағы әлеуметтік қызметтер ЖИ және проактивті форматқа көшуде
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрлық мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде дамытып келеді. Қазіргі уақытта 49 қызметтің 45-і электронды форматта ұсынылады, олардың 28-і –проактивті. 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 1,4 млн қызмет көрсетілді, оның ішінде 41%-ы (564,6 мың) электронды түрде және 35%-ы проактивті форматта. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, цифрлық және проактивті қызметтердің үлесі тұрақты өсім көрсетуде, бұл азаматтарға қызмет көрсетудің неғұрлым ыңғайлы және клиентке бағдарланған моделіне көшу жүріп жатқанын білдіреді.
Вице-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында министрлік мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллект технологияларын енгізуде. Бірінші кезеңде қызметтер электронды форматқа көшірілді, кейін мобильді қосымшаларға енгізілді, одан соң проактивті қызмет көрсету мен төлемдерді автоматты түрде тағайындау іске асырылды.
«Биыл біз барлық мемлекеттік қызметтерде жасанды интеллект технологияларын қолдануды мақсат етіп отырмыз. Бұл қызмет көрсетудің толықтай проактивті және интеллектуалды моделіне көшуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр», – деді Бахтияр Жазықпаев.
Previous Post

Кентауда бала тәрбиесі тақырыбында келелі кездесу өтті

Next Post

Қазақстанда көмір генерациясының ұлттық жобасы аясында 8 жаңа электр станциясы салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz