gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақта «Жасыл белдеу» аумағы 3 шақырымға ұлғайды

3 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Созақта «Жасыл белдеу» аумағы 3 шақырымға ұлғайды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Созақ ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқын алды.
Аталған бастаманың аясында Шолаққорған – Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағы 3 шақырымға ұлғайтылып, бүгінгі күнге дейін 3000-ға жуық тал көшеті отырғызылды. Алдағы уақытта тағы 3000-нан астам көшет егу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар кеңейтілген аумақты сақтау мақсатында арнайы шарбақтар орнату жұмыстары да жүргізіледі. Қазіргі таңда Шолаққорған – Түркістан автожолының екі бойынан жалпы ұзындығы 15 шақырымды қамтитын «Жасыл белдеу» қалыптастырылып, 25 мыңнан астам тал көшеті егілді.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков көгалдандыру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстап, жасыл аймақты дамыту бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.
Жалпы, бұл бастама ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Previous Post

Түркістанда акватуризм дамытылып, заманауи балық шаруашылығы кластері құрылады

Next Post

Мақтааралдық диқандар ерте пісетін қырыққабаттың алғашқы өнімін нарыққа шығарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz