gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шегірткеге қарсы күресте техника мен жұмыс күшін түгендеу күнделікті жүргізіледі

6 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шегірткеге қарсы күресте техника мен жұмыс күшін түгендеу күнделікті жүргізіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу бойынша жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыру шараларын тексеру үшін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс ауданындағы штабта болып, жауаптылардың есебін тыңдады.
Арыс қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандықтың мәлімдеуінше 2026 жылы зиянкеске қарсы 91 100 гектарды өңдеу жоспарланған. Дәріленетін аймақтар 17 секторға бөлініп, анықтаушыларға жатын орындары ұйымдастырылған. Қазіргі таңда әр секторды сумен қамтамасыз ету үшін 52 су көзі белгіленіп, су таситын 17 көлік (водовоз) қарастырылды. Жалпы, химиялық өңдеуге 112 бүріккіш техника жұмылдырылмақ.
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының» Түркістан облыстық филиалының басшысы Нұрлыбек Біләлбеков өз кезегінде соңғы көрсеткіштерді ұсынды. Арыс қаласы бойынша қазіргі таңда 8 сектордан 19 ошақ анықталып отыр. Сарыағаш ауданында 12 секторда дернәсілдер жер бетіне шыққан. Келес ауданында барлық секторда дернәсіл белсенділігі анықталып отыр.
Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Акмуратов шегіртке зиянкестерін анықтау барысында 47 мың гектар зерттелгенін, нақты 26,3 мың га жерді өңдеу жоспарланғанын жеткізді. 3 сектор аймағы бөлініп, жауапты мамандар бекітілген. Жер иелеріне хабарламалар таратылып, анықтаушылардың тізімі бекітілгені де айтылды. Ошақты аймақтар тұрақты бақылауға алынған.
Нұрбол Тұрашбеков ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, жайылым жер мен мал иелеріне химиялық препараттармен шегірткеге қарсы өңдеу жүргізілетінін хабарлауды, техникалық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бойынша ескертпелер таратуды тапсырды. Сонымен қатар, анықтаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Химиялық препараттардың қолдану мөлшерлемесі де тұрақты бақылануға тиіс.
Мобильді топ жетекшілеріне әр секторға күнделікті мониторинг жүргізіп, техника мен жұмыс күшін түгендеу, нәтижесін штабқа мерзімінде баяндау жүктелді.
Previous Post

Түркістан облысының таулы аймағында су үнемдеу технологиясы ендіріліп жатыр

Next Post

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды қолдау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz