gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 65 мың гектар жерді суаратын 103 каналды автоматтандыру жұмысы бастады

6 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 65 мың гектар жерді суаратын 103 каналды автоматтандыру жұмысы бастады
Share on FacebookShare on Twitter
Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық каналды автоматтандыру жұмысы басталды. Сонымен қатар осыған дейін реконструкциядан өткен, жалпы ұзындығы 1184 шақырым болатын 270 канал да автоматтандырылып жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Бұдан бөлек, автоматтандыру элементтері мен заманауи су есептеу жүйелерін енгізуді қамтитын ирригациялық каналдарды реконструкциялау бойынша 264 жобаға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр.
«Министрлік цифрлық құралдарды ұштастыра отырып, су ресурстарын басқарудың кешенді, көпдеңгейлі жүйесін қалыптастыруда. Мұндай тәсіл экономиканың түрлі салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, елдің су қауіпсіздігін нығайтуға және өмірлік маңызы бар ресурсты болашақ ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бүгінде Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі 22 мың су нысанын қамтып отыр. Оның ішінде 17 мыңнан астам өзен, 4 мыңға жуық көл және гидротехникалық нысандардың 60%-ы бар. Жыл соңына дейін 6 мыңнан астам каналды цифрландыру және гидротехникалық нысандарды қамту деңгейін 100%-ға жеткізу жоспарланған.
Сонымен қатар елдің бірыңғай су балансы қалыптастырылады. Бұл су шаруашылығы учаскелері бөлінісінде нақты су ағынын, су қоймаларындағы жинақ көлемін және суды тұтыну деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді. Гидротехникалық құрылысжайлар мен су нысандарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Ғарыштық мониторинг пен гидробекеттердің деректері интеграцияланып жатыр.
Previous Post

Түркістан облысында халықаралық транзит үшін аса маңызды Сарыағаш қаласының айналма жолының құрылысы басталды

Next Post

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz