gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Салық түсімдерінің артуы бюджетті нығайтып, инфляцияны төмендетті

8 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Салық түсімдерінің артуы бюджетті нығайтып, инфляцияны төмендетті
Share on FacebookShare on Twitter
2026 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің бір мезгілде нығаюы және инфляциялық процестің баяулауы тіркелді. ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруінен туындаған бағаның қысқамерзімдік өсуі экономикада 2025 жылдың аяғында – 2026 жылдың қаңтар-ақпанында байқалды. Қазіргі уақытта бұл инфляцияға әсер етпейді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жедел деректер бойынша 2026 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы (трансферттерді есептемегенде) 104,4%. Жоспардағы 6 176,2 млрд теңгенің орнына бюджетке 6 444,9 млрд теңге түскен. Асыра орындау – 268,7 млрд теңге.
2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 930,6 млрд теңгеге немесе 16,9%-ға ұлғайды. Кірістер бойынша жоспарлардың асып кетуі республикалық және жергілікті бюджеттерде тіркелді. Айта кету керек, 2026 жылға арналған салық түсімдері бойынша республикалық бюджеттің кірістері 18,886 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылғы нақты түсімдерден 4,4 трлн теңгеге жоғары.
Атап айтқанда, республикалық бюджеттің кірістері 101,8%-ға орындалды: жоспардағы 4 085,6 млрд теңгенің орнына 4 159,4 млрд теңге түсті. Өткен жылғы өсім 26,1% (+861,8 млрд теңге). Бұл көбінесе Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына әлемдік нарықтардағы бағалардың өсуіне, 2025 жылғы 4 тоқсанда ЭШФ жүйесінде тіркелген тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемінің өсуіне, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелеріне байланысты.
Previous Post

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы күрес жалғасып жатыр

Next Post

Түркістанда базарлардағы қауіпсіздік пен тазалық бақылауға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz