gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бас Прокурор Берік Асылов инвестицияларды қорғау жөніндегі форумда сөз сөйледі

9 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Бас Прокурор Берік Асылов инвестицияларды қорғау жөніндегі форумда сөз сөйледі
Share on FacebookShare on Twitter

Бас Прокурор Берік Асыловтың форум ашылуында айтқан сөзінен:

Бұл іс-шара Қазақстанда инвестицияларды қорғау – ең маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі екенін айқын дәлелдейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты ұстанымды айқындады: инвестор нақты қорғауды сезініп, ашықтық пен тұрақтылыққа сенімді болуы тиіс.

Дәл осы қағидаттар еліміздің заманауи инвестициялық саясатының негізін құрайды.

Қазақстан 48 үкіметаралық инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойып, елімізде қолайлы инвестициялық ахуал үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастырды.

Конституцияға сәйкес прокурорларға заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау функциясы жүктелген, оның аясында біз азаматтар мен бизнестің құқықтарын да қорғаймыз.

Бүгінде біз екі мың инвесторға көмек көрсетіп, 30 мың жұмыс орнын қамтитын 250-ден астам жобаның іске қосылуын қамтамасыз еттік.

Қазақстан прокуратурасы тікелей Мемлекет басшысына бағынады, басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз және кез келген құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге қабілетті.

Инвесторларды қорғау тетігін одан әрі күшейту мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен Инвестициялық омбудсменнің функциялары Бас Прокурорға жүктелді (2025 жылғы желтоқсан).

Бас прокуратура базасында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.

Өңірлерде мен облыс прокурорларының орынбасарлары деңгейінде инвестициялық прокурорларды тағайындадым.

Қазақстандағы әрбір маңызды инвестициялық жоба прокурорлық сүйемелдеуде болады.

Әрбір инвесторға нақты прокурор бекітіледі.

Қазіргі уақытта Заңда барлық мемлекеттік органдар үшін «прокурорлық сүзгі» деп аталатын тетік көзделген.

Олар прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, оның қызметін тоқтатуға, лицензиясын кері қайтарып алуға және өзге де шектеулер енгізуге құқылы емес.

Бұл – біздің қадағалау функциямыздың жүзеге асырылуы. Егер мемлекеттік органның шешімі немесе әрекеті заңсыз болса – біз оны жоямыз, ал кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Егер заңнамада кедергілер болса – олар да жойылатын болады.

Мен Комитетке мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілерін айқын немесе жасырын кедергілердің бар-жоғына қатысты ревизия жүргізуді тапсырдым.

Олар Конституцияда азаматтар мен бизнес үшін белгіленген кепілдіктерді төмендетпеуі тиіс.

Бас прокуратура Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына толық сәйкес инвесторлардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Бас Прокурор Үкімет жанындағы Инвестициялық штабтың бизнестің мәселелерін жедел шешудегі негізгі рөлін атап өтті.

Штаб нақты қорғау құралына айналды:

— 2 жыл ішінде 200-ден астам инвестициялық жоба қаралды.

— Жобалардың жалпы сомасы — 100 млрд АҚШ долларынан астам.

— Инвестициялық келісімдердің көлемі 15 есеге өсті.

«Бұл — инвесторлардың сенімінің көрсеткіші және тиімді үйлестірудің нәтижесі», — деп атап өтті ведомство басшысы.

Previous Post

Инвестицияларды қорғау жөніндегі форум басталды

Next Post

Елімізде инвестор құқықтарын қорғау архитектурасы нығайтылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz