gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жеңіл өнеркәсіп саласына 40 млрд теңге инвестиция тартылды

16 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жеңіл өнеркәсіп саласына 40 млрд теңге инвестиция тартылды
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ете отырып, экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Бұл сала көптеген қиындыққа қарамастан өзінің дамуын жалғастырып, экономикалық және әлеуметтік салаларға өз үлесін қосуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 260 млрд тенге құрады. Оның ішінде тоқыма өндірісі ақшалай көлемінде 159 млрд теңге, киім өндірісі – шамамен 84 млрд теңге және былғары және оған тиісті өнімдер өндірісі – 17 млрд теңгеге жуық құрады. Бұл туралы ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ баспасөз конференциясында хабарлады.
Оның айтуынша, саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 40 млрд теңгені құрады.
«Жалпы ішкі өнімдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1%, тұтастай алғандағы өнеркәсіптік өндірісте – 0,4%, өңдеу өнеркәсібінде — 0,8%. 2025 жылы еліміздегі жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 3,6 млрд АҚШ долларын құрады, онда отандық өндірушілердің үлесі – 8,1%, ал қалғаны импорт. Салыстырмалы түрде алар болсақ 2024 жылы отандық тауар өндірушілердің үлесі 5,1%-ды құрады. Бұл өз кезегінде салада атқарылған жүйелі жұмыстардың және жаңа өндірушілердің нәтижесі екені айқын»,-деді спикер.
Жеңіл өнеркәсіп бұл үш негізгі топқа біріктірілген 20-дан астам қосалқы саланы қамтитын сала: бұл тоқыма өнеркәсібі — 61%, киім өндірісі — 32% және былғарыға қатысты өнімдер өндірісін 7%-ды құрайды.
Жеңіл өнеркәсіпте 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдайға байланысты 1450 кәсіпорын, 836 тігін кәсіпорындары, 489 тоқыма бұйымдарын өндіру және 125 былғары және оған қатысты өнімдерді өндіру кәсіпорындары жұмыс жасайды.
Тұтастай алғанда, өнеркәсіптік саясаттың негізгі мақсаты ішкі өңдеуді ұлғайта отырып, дамудың шикізаттық моделінен бас тарту болып табылады. Бұл мақсатқа инвестицияларды тарту, жобаларды іске асыру және жүйелі шараларды іске асыру есебінен жоспарлы түрде қол жеткізіледі.
Previous Post

Түркістан облысында ұлттық кітап күніне орай мәдени шара өтті

Next Post

Сауран ауданында шегіртке зиянкестеріне қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz