gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер күнінде Созақта 29 отбасы қоныс тойын тойлады

5 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мемлекеттік рәміздер күнінде Созақта 29 отбасы қоныс тойын тойлады
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Созақ ауданы орталығындағы Жеткіншек ықшам ауданында 29 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды.
Жаңа баспаналар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыларға берілді. Қоныс тойының қуанышын бөлісуге аудан тұрғындары, ардагерлер қатысты.
Іс-шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа пәтер иелерін құттықтады. Баспананың әрбір отбасы үшін ерекше маңызға ие екенін және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы кезеңде де жалғасарын атап өтті.
– Баспана – әр шаңырақтың берекесі мен бақытының бастауы. Бүгінгі қоныс тойы – мемлекетіміздің әлеуметтік қолдау саясатының нақты нәтижесі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мен тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруды мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде белгілеп келеді. Соның нәтижесінде ауданымызда да тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ізгі тілегін білдіріп, жаңа қоныс иелеріне амандық пен бақ-береке тіледі.
Баспана иелері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарын жиналған жұртшылықпен бөлісті.
Айта кетейік, қазіргі таңда тұрғын үй кезегіне қою және тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды іріктеу жұмыстары қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Отбасы банк» АҚ-ның бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй алушылар азаматтардың мәртебесі, тұрғын үйге мұқтаждық деңгейі және кезектегі орны негізінде айқындалады.
Бүгінде Жеткіншекте тұрғын үй құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Қазіргі таңда пайдалануға дайын тағы 47 пәтер бар. Құжаттандыру рәсімдері аяқталған сайын бұл баспаналар да кезең-кезеңімен өз иелеріне табысталмақ. Сонымен қатар 20 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.
Бұдан бөлек, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның еншілес ұйымдарының демеушілігімен жаңғырту бағдарламасы аясында 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылып жатыр.
Previous Post

Түркістан облысында 4 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206 млрд теңгені құрап, өсім 111,3 пайызға жетті

Next Post

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz