gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Сауранда жаңа футбол және балалар ойын алаңшасы ашылды

29 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Сауранда жаңа футбол және балалар ойын алаңшасы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында халықтың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау, әсіресе ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту маңызды міндеттердің бірі екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осы орайда Сауран ауданында тұрғындардың игілігіне бағытталған тағы бір әлеуметтік жоба жүзеге асып, Үшқайық елді мекенінде жаңа футбол және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысандардың ашылу салтанатына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, жұртшылықты қуанышты оқиғамен құттықтады.

Жоба аясында жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрайтын заманауи футбол алаңшасы мен 150 шаршы метрлік балалар ойын алаңы ел игілігіне тапсырылды. Жаңа нысандар ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, жастар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына және балалардың қауіпсіз ортада ойын ойнауына мүмкіндік береді.

Салтанатты іс-шара барысында аудан әкімі бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Сондай-ақ, жастардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуына жағдай жасау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру басты назарда екенін жеткізді.

Жаңа футбол алаңшасы барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Алаң арнайы қоршаумен қоршалып, сапалы жасанды жабын төселген. Бұл спорт нысанын жылдың әр мезгілінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кешкі уақытта да жаттығу өткізуге қолайлы жағдай қарастырылған.

Ал, балалар ойын алаңында бүлдіршіндердің қауіпсіз әрі қызықты демалуына арналған түрлі заманауи құрылғылар орнатылған. Ойын кешендері, сырғанақтар мен әткеншектер қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді. Алаңның айналасы абаттандырылып, балалардың еркін ойнауына қажетті барлық жағдай жасалған.

Ауыл тұрғындары жаңа нысандардың ашылуын қуанышпен қарсы алып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді. Олардың пікірінше, мұндай спорттық және ойын алаңдары балалар мен жастардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ауыл тұрғындарының бірлігі мен белсенділігін арттыруға да оң әсер етеді.

Previous Post

Сарыағаштағы ауыз су мәселесі заң аясында шешілуде

Next Post

Түркістан облысының делегациясы Өзбекстанда халықаралық бизнес-форумға келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz