gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Кентауда биыл ірі спорт кешені ашылады

2 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Кентауда биыл ірі спорт кешені ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде спорт инфрақұрылымын жаңғырту мәселесін тұрақты түрде көтеріп келеді. Бұл бағыт елдегі бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға тікелей әсер етеді. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, халықтың 1 000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтылуы қазіргі уақытта 59,6 пайызға жеткен. Ал, 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 65 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

Жыл сайын өңірлерде жаңа спорт ғимараттары салынып, ескілері күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Мемлекет басшысының спорт саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Түркістан облысында да бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – Кентау қаласында бой көтеріп жатқан заманауи спорт кешені.

Қазіргі таңда қалада ірі спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. 2025 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес биыл толық аяқталып, нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде құрылыс алаңында іргетас құю, бағаналардың темір қаңқасын орнату, бетон құю, кірпіш қалау және екінші қабаттың монолитті құрылымдарын құю жұмыстары атқарылып жатыр. Құрылыс жұмыстарына 70 жұмысшы мен арнайы техникалар жұмылдырылған. Мамандар нысанды белгіленген мерзімде аяқтау үшін қарқынды еңбек етуде.

Жобаға сәйкес екі қабатты спорт кешенінде әмбебап спорт залы, күрес және бокс залдары, шығыс жекпе-жектеріне арналған арнайы залдар, көркем гимнастика залы және қосымша қажетті қызметтік бөлмелер қарастырылған. Кешен заманауи талаптарға сай жабдықталып, спортшылардың сапалы жаттығу өткізуіне барлық жағдай жасалмақ.

Аталған нысан пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 1000-ға жуық спортшы тұрақты түрде жаттығу мүмкіндігіне ие болады. Бұл өз кезегінде жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, бұқаралық спорттың дамуына серпін береді. Сонымен қатар түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік жасап, Кентау қаласының спорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Соңғы жылдары Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жаңа спорт нысандарының ашылуы өңір тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасап қана қоймай, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге де жол ашады.

Previous Post

Түркістан облысының сауда орындарында отандық өнімдерге басымдық берілген

Next Post

Түркістанда «Fortebank»-тың жаңа заманауи ғимараты бой көтереді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz