gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент тапсырмасы: Қарашық ауылындағы мәдениет үйі қайта жаңғыртудан өтті

2 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Президент тапсырмасы: Қарашық ауылындағы мәдениет үйі қайта жаңғыртудан өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласын дамыту мен рухани құндылықтарды дәріптеу мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде мәдени инфрақұрылымды жаңғырту, ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі Сауран ауданында жүзеге асты. Атап айтқанда, Қарашық ауылдық округіндегі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне қайта берілді. Нысанның ашылу салтанатына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, мәдениет саласының қызметкерлері мен ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады.

Аудан басшысы өз сөзінде мәдениет саласы қоғамның рухани дамуының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтіп, мәдениет ошақтарын жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ, жаңартылған нысан ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, өңірдің мәдени өмірін жандандыруға елеулі үлес қосатынын айтты.

1970 жылы салынған Қарашық мәдениет үйі бүгінде заман талабына сай қайта жаңғыртылып отыр. Жалпы аумағы 3094 шаршы метрді құрайтын ғимаратта 150 орындық көрермен залы, сахна және түрлі мәдени-шығармашылық бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруға арналған арнайы кабинеттер қарастырылған.

Қазіргі таңда мәдениет үйінде көркемсөз оқу, драма және хор бағытындағы үйірмелер тұрақты жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге өнерге қызығушылығы жоғары ауыл жастары мен тұрғындары белсенді қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауда. Жаңартылған мәдениет ошағы олардың сапалы білім алып, өнерін дамытуына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өткізілуі ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға саналады. Заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимаратта енді мәдени-көпшілік іс-шаралар, концерттер, кездесулер мен түрлі шығармашылық кештер жоғары деңгейде ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, ұлттық өнер мен мәдени мұраны насихаттау, жас таланттарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстарға серпін береді.

Бүгінде ауылдық жерлердегі мәдениет нысандарын жаңғырту тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, рухани-мәдени ортаны қалыптастыруға және қоғамдық белсенділікті арттыруға ықпал етуде. Жаңарған мәдениет ошағы алдағы уақытта ауыл тұрғындарының басын қосатын руханият пен өнердің ордасына айналып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен мәдени өмірді дамытуға қызмет етпек.

Previous Post

Түркістан облысында 1100 тонна қауын мен қарбыз жиналды

Next Post

Түркістан облысының сауда орындарында отандық өнімдерге басымдық берілген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz