gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қарақоңырда ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жандануда

25 мая, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Қарақоңырда ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жандануда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамыту, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру және ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Осы бағытта Отырар ауданында да халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Қарақоңыр ауылдық округінде атқарылып жатқан инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жұмыстар. Өткен жылы ауылдық округте тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, Ш.Қалдаяқов ауылындағы кіреберіс көшеге, сондай-ақ Үшқоңыр, Талап, Жармұхаммедов және Парасат көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, жолдардың сапасы жақсартылды. Бұл жұмыстар ауылішілік қатынасты жеңілдетіп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысына мүмкіндік берді. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Сырдария ауылында жаңа ауыз су жүйесі тартылып, тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Қостүйін, Қарақоңыр және Ш.Қалдаяқов ауылдарындағы ауыз су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сумен қамту желілерінің сенімділігі арттырылды. Бұдан бөлек, Қостүйін елді мекені табиғи газ желісіне қосылып, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды жоба жүзеге асты.

Әлеуметтік салада да бірқатар игі бастамалар қолға алынды. Ш.Қалдаяқов ауылында шағын футболға арналған жабық спорт залы пайдалануға беріліп, жастардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасалды. Сондай-ақ, ауылдағы мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік кеңейді. Ал, А.Дүтбаев көшесінің бойынан балалар ойын алаңы салынып, бүлдіршіндердің қауіпсіз әрі жайлы ортада демалуына жағдай жасалды.

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қарақоңыр ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында атқарылған жұмыстарға тоқталып қана қоймай, алдағы жоспарлар жөнінде де баяндады. Кездесуде ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан тың жобаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Шәмші ауылында іске асырылып жатқан «Otyrar GeoBanana» жылыжай кешенінде банан өсіру жобасы қолға алынған. Аудан әкімі бұл бастаманың өңірдегі ауыл шаруашылығын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аудан экономикасының дамуына серпін беретін маңызды жоба екенін атап өтті. Инновациялық технологияларға негізделген бұл жоба ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашпақ.

Сонымен қатар, Түркістан агроөнеркәсіптік кешені тарапынан мақта дақылын өсіру жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға және ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Алдағы кезеңде де Қарақоңыр ауылдық округінде инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасын табады. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, балалар ойын алаңшаларын салу және жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл жобалар тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек.

Previous Post

Ашық әкімдік: Ақтөбе ауылында әлеуметтік саланы дамыту жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Next Post

«Келешек мектептері» жобасы аясында салынған білім ұясы алғашқы алғашқы түлектеріне сәт-сапар тіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz