gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Шорнақ ауылдық округінде инвестициялық жобалар мен инфрақұрылымдық жұмыстар жүзеге асырылуда

4 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Шорнақ ауылдық округінде инвестициялық жобалар мен инфрақұрылымдық жұмыстар жүзеге асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне ерекше мән беріп келеді. Әсіресе, жаңа жұмыс орындарын ашатын өндірістік жобаларды жүзеге асыру, әлеуметтік нысандар салу және ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады.

Осы бағыттағы жұмыстар Сауран ауданына қарасты Шорнақ ауылдық округінде де жүйелі түрде атқарылуда. Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өткен ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесуінде жан-жақты баяндалды.

Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Әсіресе, кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту бағытында қолға алынған бастамаларға ерекше назар аударылды. Бүгінде округ аумағында жиһаз өндіру цехының құрылысы жүргізілуде. Өндірістік жоба толық іске қосылған жағдайда 70 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ауыл экономикасының дамуына серпін беріп, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал етпек.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында да бірқатар маңызды жұмыстар жүзеге асырылуда. Аша елді мекенінде 200 орындық балабақшаның құрылысы жалғасып жатыр. Ал Шорнақ ауылында 300 орындық жеке балабақша пайдалануға беріліп, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мүмкіндігі кеңейді.

Кездесуде халықты жұмыспен қамту мәселелері де кеңінен сөз болды. Жыл басынан бері округ бойынша 123 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар аясында 50 азамат еңбекке тартылып, олардың табыс табуына жағдай жасалған.

Әлеуметтік қолдау шаралары да тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Есепті кезеңде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 35 отбасыға тағайындалып, тұрмыстық жағдайы төмен және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға демеушілер есебінен қажетті көмектер көрсетілген.

Округ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, 15 көшеге жалпы ұзындығы 11,5 шақырым тас төселіп, жол қатынасының сапасы жақсартылды. Бұл жұмыстар тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беруде.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында да нақты шаралар қабылданған. Округ аумағында 12 бейнебақылау камерасы орнатылып, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары күшейтілген. Сонымен қатар, көше жарықтандыру жүйелері жаңартылып, бірқатар көшелерге сәндік жарық шамдары орнатылған. Бұл тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.

Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі барлық көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Previous Post

Түркістан қаласында 512 отбасы баспаналы болды

Next Post

Түркістан облысында 794 елді мекен бас жоспармен қамтылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz