gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бекзат Саттарханов туралы түрік тіліндегі кітап жарық көрді

8 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Бекзат Саттарханов туралы түрік тіліндегі кітап жарық көрді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркияда қазақ боксының жарық жұлдызы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановқа арналған түрік тіліндегі кітап жарық көрді. Небәрі жиырма жасында Олимпиада шыңын бағындырып, қазақ спортының тарихында өшпес із қалдырған даңқты боксшыға арналған бұл еңбек «Ақындардың көзімен/сөзімен Бекзат Саттарханов» (Ozanların Gözüyle/Sözüyle Bekzat Sattarhanov) деп аталады.

Жинаққа 2000-2025 жылдар аралығында Бекзат Саттархановқа арналып жазылған 30 автордың 45 өлеңі енгізілген. Қазақ ақындарының жүрекжарды жырлары түрік тіліне тәржімаланып, түркі оқырманына ұсынылып отыр. Кітапта ел мақтанышына айналған спортшының ерлігі, өр рухы, қысқа ғұмырындағы жарқын жеңісі мен қазақ жастарына үлгі боларлық тағдыры поэзия тілімен өрнектелген.

Аталған еңбекте Елтай Бимаханбетұлы, Қаныбек Сарыбаев, Бекарыс Шойбеков, Әселхан Қалыбекова, Нұрмахан Назаров, Асқар Дүйсенбі, Серік Сейітман, Серікбол Хасан, Мақсат Ережеп, Алпамыс Файзолла, Табиғат Абаилдаев сынды өңірлік және республикалық деңгейде танымал ақын-жазушылардың Бекзат Саттархановқа арнаған жырлары қамтылған. Бұл кітаптың басты ерекшелігі – Бекзат Саттархановтың тұлғасын түрік оқырманына поэзия арқылы таныстыруында. Сонымен қатар еңбек қазақ ақын-жазушыларын да түркі жұртына жақындата түсуді мақсат етеді. Осы мақсатта жинақта әр автордың өмірбаяны да берілген.

Кітапта даңқты спортшының өмір жолы, спорттағы жетістіктері және ол туралы жазылған еңбектер жөнінде де мәліметтер қамтылған. Сондай-ақ Қазақстанның танымал тұлғалары мен спортшыларының, Бекзат Саттархановтың Сидней Олимпиадасындағы қарсыластарының чемпион туралы айтқан жылы лебіздері де оқырман назарына ұсынылған.

Айта кетейік, қазақ халқының мақтанышына айналған Бекзат Саттарханов туралы шетелде жарық көрген бұл алғашқы кітап Еуразия Жазушылар Одағының «Bengü» баспасынан шықты. Еңбекті әзірлеп, түрік тіліне тәржімалаған – Ержан Серікұлы Арғынбаев. Ал, кітаптың жарық көруіне қолдау білдіріп, демеушілік жасаған – Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Уфук Тузман мырза.

 

Мадина ЖАНҒАЗИЕВА,

Анкара Қажы Байрам Уәли университетінің докторанты

Previous Post

Мамандар шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Next Post

Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz