gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Этносаралық келісім – ел болашағы» интеллектуалды ойыны өтті

10 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Этносаралық келісім – ел болашағы» интеллектуалды ойыны өтті
Share on FacebookShare on Twitter

2026 жылғы 5 маусым күні Кентау қаласында этносаралық татулықты насихаттау, халық бірлігін нығайту және достық пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Этносаралық келісім – ел болашағы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Іс-шараға Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдық округтердің тұрғындарынан құралған командалар қатысты.

Аталған шара Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілді. Интеллектуалды ойынға жастар, орта буын және аға буын өкілдері қатысып, этносаралық келісім мен қоғамдық татулық тақырыптары бойынша білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды.

Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Атап айтқанда, қатысушылар «Таныстыру», «Білімді мыңды жығады», «Сөз құрам» және «Капитандар сайысы» кезеңдерінде өзара бақ сынасты. Командалар жоғары белсенділік танытып, білім деңгейі мен ұйымшылдықтарын көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Шаңырақ» тобы иеленсе, екінші орынға «Бірлік» тобы лайық деп танылды. Ал үшінші орынды «Бейбіт ел жастары» командасы жеңіп алды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда түсірілген түрлі этнос өкілдерінің өмірі, еңбек жолы және қоғамдық қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді. Бейнематериалдарда қала тұрғындарының өзара сыйластығы, ынтымақтастығы мен бірлігі көрініс тауып, этносаралық татулықтың нақты үлгілері насихатталды. Бұл қатысушылардың Қазақстандағы қоғамдық келісім мен бейбітшіліктің маңызын тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.

Шара соңында қатысушыларды Кентау қаласының әкімі Жандос Қалмырзаұлының атынан қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы құттықтап, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларды марапаттады. Құттықтау сөзінде ол қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңыздылығына тоқталып, іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді.

«Этносаралық келісім – ел болашағы» интеллектуалды ойынының негізгі мақсаты – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту, түрлі этнос өкілдері арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты дәріптеу, сондай-ақ тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыру. Мұндай іс-шаралар қоғамдық келісімді сақтауға және жастардың бойында достық пен бірлік құндылықтарын қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Previous Post

Нұралхан Көшеров Қытайда халықаралық бизнес өкілдерімен маңызды келіссөздер жүргізді

Next Post

Қытай сапары: Жаңа жобалардың бағыты айқындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz