gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан, қалаларға мониторинг жасалды

15 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан, қалаларға мониторинг жасалды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Республика көлемінде бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес, бағдарлама тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды қамтиды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
Жиналыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен аптада облыс аумағындағы аудан және қалаларда тазалық жұмыстарының сапасына, саябақтар мен скверлердің жай-күйіне, сондай-ақ, ғимараттардың сыртқы келбетіне қатысты басқарма тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілген. Мониторинг нәтижесінде аталған бағыттар бойынша аудан және қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар беріліп, санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын тұрақты түрде күшейту міндеттелді.
Жыл басынан бері қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандарға тоқталатын болсақ, 434-2 бап бойынша 3 386 хаттама толтырылып, 93,4 млн теңге айыппұл салынды. 505-бап бойынша 2 599 хаттама толтырылып, 20,7 млн теңге айыппұл салынды. Ауыл округ әкімдіктері тарапынан 2 276 хаттама толтырылып (соның ішінде 1 851 ескерту), 9,1 млн теңге айыппұл салынған. «TazaQazBot» Telegram чат-боты арқылы 237 өтінім келіп түскен. Оның 183-і орындалып, ал қалған 54 өтініп қаралу үстінде.
Өңір басшысы Нұралхан Көшеров аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына елді мекендердегі тазалық пен абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, кемшіліктерді жедел жоюды тапсырды. Сонымен қатар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, «Таза Қазақстан» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша нәтижелі жұмысты қамтамасыз етуді жүктеді.
Previous Post

Түркістан облысында кәсіпкерлік саласында 58,5 млрд теңгенің 377 жобасы сүйемелденіп жатыр

Next Post

Түркістанда Қазақстан Республикасының YІІІ халық ойындары салтанатты түрде ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz