gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндет: Сайрамда жаңа өндіріс ошағы іске қосылды

11 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жолдау жүктеген міндет: Сайрамда жаңа өндіріс ошағы іске қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу міндеттерін айқындап келеді. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында жүйелі жүзеге асырылып, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға серпін беруде.

Солардың бірі – Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында іске қосылған «WALLI PACK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ПЭТ платформаларын өндіретін жаңа зауыты. Инвестициялық құны 600 миллион теңгені құрайтын жоба ауданның өнеркәсіп саласын дамытуға және өңір экономикасын нығайтуға бағытталған.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің инвестициялық жобаларды қолдау және өндіріс орындарын көбейту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асқан өндіріс орны заманауи технологиялармен жабдықталған. Кәсіпорын тәулігіне 64 мың дана ПЭТ платформасын өндіруге қауқарлы. Өнімдер ішкі нарыққа шығарылып, отандық өндіріс орындарының сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі таңда зауытта 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың табысын арттыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде.

Кәсіпорында қолданылатын өндірістік жабдықтар мен технологиялардың басым бөлігі Қытай Халық Республикасынан жеткізілген. Сонымен қатар өндірісте пайдаланылатын негізгі шикізат та шетелден импортталады.

Мамандардың айтуынша, аталған кәсіпорын ПЭТ платформаларын өндіру саласындағы еліміздегі маңызды өндіріс орындарының бірі саналады. Жобаның іске асырылуы өңірде өндіріс көлемін ұлғайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге, отандық өнім өндірісін дамытуға және жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Бұл – Сайрам ауданында инвестициялық саясаттың нәтижелі жүзеге асып жатқанын және өндіріс секторын дамыту бағытындағы жұмыстардың нақты жемісін көрсететін маңызды жобалардың бірі.

Previous Post

Нұралхан Көшеров Хубэй губернаторымен өңіраралық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады

Next Post

Түркістан облысы мен SINOPEC компаниясы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңін бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz