gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі «Дара ұрпақ» инклюзивті театрының ұжымымен кездесті

17 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының әкімі «Дара ұрпақ» инклюзивті театрының ұжымымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы «Дара ұрпақ» инклюзивті театрына арнайы барып, ұжыммен және жас өнерпаздармен кездесті. Жылы әрі әсерлі жағдайда өткен жүздесуде театрдың жас өнерпаздары өнерлерін көрсетсе, театрдың құрылтайшылары Ербол Көкенов пен Рухабза Қалдарбек балалардың атынан өңір басшылығына алғысын айтып, жетістіктерін бөлісті. Өнерге баулып жүрген педагогтарды таныстырып, еңбектеріне тоқталды.
Кездесу барысында облыс әкімі ерекше балаларға қолдау білдіріп, театр ұжымына заманауи музыкалық аппаратураны сыйға тартты.
– Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ардақты алтын балалар. Бүгін өздеріңізбен кездесіп,көңіл толқып тұр. Біздің қайсар, өмірге құштар балаларымыз өнер әлеміне қадам басып, жетістіктерімен қуантып жатыр. Бұл ретте ата-аналар мен осындағы ұстаздардың еңбегін сөзбен айтып жеткізу қиын. Сіздер – нағыз қайсар, мейірімді жансыздар. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы инклюзивті қоғамды қолдау, білім беруді жетілдіру бағытын үнемі назар аударып, мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіліп келеді. Бұл бағытта облысымызда да тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Біз өздеріңіздей өнерлі балаларымызбен мақтанамыз. Театрға шығармашылық табыс, сәттілік тілеймін. Өнерлі өрендеріміз республиканың сахналарында өнер көрсете берсін! – деген Нұралхан Көшеров әрбір баламен пікір алмасып, қадамдарына сәттілік тіледі.
Ата-аналар ерекше балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға жасалған жағдайлар үшін өңір басшылығына алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, «Дара ұрпақ» инклюзивті театры ресми түрде 2025 жылғы 17 желтоқсанда ашылды. Облыс әкімдігінің қолдауымен юнклюзивті театрға қажетті ғимарат берілді. Былтыр ашылған театр бүгінде өңірдегі ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастарды өнер арқылы әлеуметтендірудің тиімді алаңына айналып отыр. Бұл – Түркістан облысындағы тұңғыш инклюзивті театр әрі Қазақстанда аралас диагнозы бар балалармен кәсіби деңгейде жұмыс істейтін алғашқы бірегей ұжымдардың бірі. Театрдың негізгі мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін ашып, олардың қоғамға толыққанды араласуына мүмкіндік жасау.
Бүгінде театрда Даун синдромы, аутизм және РАС, церебралды сал ауруы, сөйлеу қабілеті бұзылған 100-ге жуық ерекше бала өнермен айналысады. Актерлік шеберлік, вокал, хореография, пара би бағыттарымен қатар, мұнда психологтар, нейропсихологтар, невропатологтар, дефектологтар және АВА-терапевтерден құралған кәсіби мамандар қызмет көрсетеді.
Театр жұмысының алғашқы алты айындағы нәтижелер оның әлеуметтік маңызын айқын көрсетті. Зерттеу қорытындысына сәйкес, бастапқы кезеңде балалардың басым бөлігі айналасымен қарым-қатынас жасаудан қашқақтаса, бүгінде олардың барлығы дерлік ұжымдық шығармашылық жұмыстарға толық бейімделген. Балалардың эмоционалдық тұрақтылығы артып, сөйлеу дағдылары, қозғалыс үйлесімділігі мен әлеуметтік қарым-қатынас деңгейі жақсарған.
Сонымен қатар ата-аналардың психологиялық жағдайына да оң әсер етіп, балаларының болашағына деген сенімін күшейткен. Бұл театрдың тек шығармашылық емес, әлеуметтік және тәрбиелік маңызы зор жобаға айналғанын көрсетеді.
Кездесу барысында облыс әкімі театрдың алдағы жоспарларымен де танысты. Болашақта ұжым Түркістан облысының аудандарында гастрольдік сапарлар ұйымдастырып, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларында өнер көрсетуді көздеп отыр. Сондай-ақ Қазақстандағы ерекше балалардан құралған тұңғыш оркестрді құру жоспары бар.

Previous Post

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Next Post

Түркістан облысында биыл 58 жаңа нысан пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz