gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысына 8 жылда 7,5 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды

18 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысына 8 жылда 7,5 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау бағытында Түркістан облысы құрылғаннан бері инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауымен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлер мен инвесторларға қолайлы жағдай жасау және инвесторлардың мәселелерін жедел шешу бойынша кешенді шаралар қолға алынған.
Түркістан қаласының рухани және туристік орталық ретінде қарқынды дамуы да өңірге тартылатын инвестиция көлемінің артуына оң әсерін тигізді. Соның нәтижесінде соңғы 8 жылда облыс экономикасына жалпы көлемі 7 трлн 570,8 млрд теңге инвестиция тартылды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 1 трлн 745,6 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге өсті. Ал, 2018 жылы бұл көрсеткіш 314,1 млрд теңгені құраған болатын.
Инвестициялық белсенділік биыл да жоғары қарқынмен жалғасуда. 2026 жылдың алғашқы бес айында өңір экономикасына 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 150,5 пайыздық өсімді көрсетеді. Өткен жылдың бес айында инвестиция көлемі 387,8 млрд теңге болған.
Сонымен қатар 2025 жылдың қорытындысымен облысқа тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 2 млрд АҚШ долларына жетіп, жоспарланған көрсеткіш артығымен орындалды.
Биыл жалпы құны 369 млрд теңгені құрайтын 67 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде Түркістан облысында инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастырылған. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Оған қоса, негізгі инвестициялық алаңдар бар. Атап айтқанда, «Turan» арнайы экономикалық аймағы, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы, индустриялық аймақтар және облыстық барлық аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер қарастырылған.
Алдағы уақытта да өңір экономикасына инвестиция тарту жұмыстары жалғасып, жаңа өндірістерді іске қосу, экспорт көлемін ұлғайту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жобаларға басымдық берілетін болады.
Previous Post

8 жылда Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 3 есеге өсіп, 5 трлн теңгеге жетті

Next Post

Түркістан облысына 8 жыл: ауыл шаруашылығы өнім көлемі 2,2 есеге артқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz