gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ашық әкімдік: Түркістан облысы тұрғындарының мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды

18 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ашық әкімдік: Түркістан облысы тұрғындарының мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында құрылыс, коммуналдық, білім беру, жол, газдандыру салаларына қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
Түркістан қаласының тұрғыны ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған инклюзивті орталық ашу мәселесін көтеріп, аталған бағыттағы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетуді сұрады. Тағы бір түркістандық тұрғын қаладағы заңсыз құрылысқа қатысты шағымын жеткізді. Бәйдібек ауданынан келген азамат білім беру ұйымдарындағы ыстық тамақпен қамту мәселесіне тоқталса, Жетісай ауданының тұрғыны облыстық маңызы бар КХ-75 және КХ-26 автомобиль жолдарының бойын жарықтандыру қажеттігін жеткізді. Одан бөлек, қабылдау барысында ұсыныстар да айтылды.
Облыс әкімінің орынбасары әрбір көтерілген мәселе мен ұсынысты мұқият тыңдап, тиісті басқармалар мен жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Азаматтардың өтініштері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес зерделеніп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары тұрақты түрде жалғасып, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары облыс басшысының бақылауында болады.
Айта кетейік, облыс әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Previous Post

Н. Көшеров Қасқасуда тау-курортты қала салу жөнінде келіссөздер жүргізді

Next Post

Ордабасыда 339 миллион теңгені құрайтын 40 жобаға қолдау көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz