gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 43 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

23 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 43 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында халықты жұмыспен қамту мәселесін ел дамуының басты басымдықтарының бірі ретінде атап келеді. Президент экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтудың маңыздылығына ерекше тоқталған болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, өңірде жаңа жұмыс орындарын құру көрсеткіші артып келеді.

Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі жұмыспен қамту жоспарының орындалу барысын кезекті рет саралап, жауапты сала басшылары мен аудан, қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берді.

Өңірлік жұмыспен қамту картасына сәйкес, биылғы жылдың алғашқы алты айында облыста 46 779 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес, бүгінгі таңда нақты 43 673 жұмыс орны құрылып отыр.

Жиында жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейі талданып, бірқатар аудан-қалалардың жұмысы сынға алынды. Атап айтқанда, Сарыағаш, Отырар, Төлеби және Шардара аудандарында белгіленген межелердің орындалу қарқыны төмен екені айтылды. Сонымен қатар бос жұмыс орындарына орналасқан азаматтардың үлесі Бәйдібек, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласында жеткіліксіз деңгейде қалып отыр.

Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар аясында да оң нәтижелер байқалады. Жылдың алғашқы жартыжылдығында 151 жоба арқылы 917 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Алайда нақты көрсеткіш жоспардан асып, бүгінде 183 жоба аясында 1666 жұмыс орны қалыптасты.

Жұмыс барысында еңбек қатынастарын заңдастыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Еңбек шарттарын тіркеу жұмыстары Сауран ауданында толық аяқталған. Ал Бәйдібек, Келес, Сайрам аудандары мен Түркістан, Арыс және Кентау қалаларында бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі ескертілді.

Жиын барысында аудан және қала әкімдерінің орынбасарларына жұмыспен қамту көрсеткіштерін арттыру, еңбек қатынастарының заңдылығын қамтамасыз ету және жоспарланған индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

– Орындалмау қаупі бар бағыттар бойынша шарасыздық танытпай, мәселені шешудің нақты жолдарын іздеу қажет, – деді облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков.

Айта кетерлігі. облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аудан-қалалардағы Мансап орталықтарының қызметіне талдау жүргізген. Нәтижесінде бірқатар бағыттар бойынша кемшіліктер анықталып, оларды жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Previous Post

Түркістан облысында 29 өндірістік паркте 98 жоба іске қосылды

Next Post

Түркістан облысы 2026 жылдың алғашқы 5 айында экономикалық өсім бойынша республика көш бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz