gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Президент тапсырмасымен салынған ерекше экопарк ашылып, жаңа Конституцияны қолдауға арналған акция өтті

27 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда Президент тапсырмасымен салынған ерекше экопарк ашылып, жаңа Конституцияны қолдауға арналған акция өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында Қарашық өзенінің бойында 50 гектар аумақты қамтитын «Түркістан» экобағы ашылды. Жаңа демалыс аймағының ашылу салтанатына орай «Жаңа Конституция – халықтың құқықтық мәдениеті» атты ауқымды іс-шара өтті. Салтанатты жиынға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қала тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
– Санаулы күндерден кейін бүкіл ел болып қолдап, дауыс берген Жаңа Конституция күшіне енеді. Осы Ата Заңымызды қолдау мақсатында халықтың ұсынысымен барлық аудан, қалада түрлі іс-шаралар өткізілді. Соның қорытындысы ретінде бүгін барлығымыз ауқымды акцияға жиналып отырмыз. Түркістан жұртшылығы референдумға қатысу бойынша елімізде көшбасшылар қатарында болып, бірлік пен отаншылдықтың үлгісін көрсетті. Осы орайда, Мемлекет басшысы референдумға қолдау білдірген Түркістан халқына шынайы ризашылығын жеткізді. Президентіміз күні кеше ел болып қабылдаған жаңа Конституция туралы «Жалпыұлттық референдум кезінде халқымыз мемлекеттің келешегін айқындайтын тарихи таңдауын жасады. Конституция еліміздің саяси және идеологиялық арқауы ретінде ұзақ жыл бойы халық игілігіне қызмет етеріне сенемін» деген болатын. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының бірі болып орнықты. Бұл тарихи қадамды еліміздің саналы қоғамы мен білімді жастары зор ықыласпен қолдауда. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған жаңа экопарк жай ғана демалыс орны емес, бүкіл Түркістан жұртшылығы мен қонақтары бас қосып, спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді өткізетін заманауи демалыс орны. Жаңа Конституция – біздің болашағымыздың берік іргетасы. Ата Заңымыз еліміздің айбынын асырып, Қазақстанымыз мәңгілік жасай берсін! – деді Нұралхан Көшеров.
Түркістан облысының құрылғанына 8 жыл толды. Осы кезеңде Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен өңір қарқынды дамыды. 1991–2017 жылдары 8,7 млн ш.м тұрғын үй, 616 мектеп, 386 денсаулық, 21 мәдениет және 23 спорт нысаны салынса, соңғы 8 жылда оның елеулі бөлігі жүзеге асты: тұрғын үйдің 77%-ы (6,7 млн ш.м), мектептердің 35%-ы (214), денсаулық нысандарының 57%-ы (219) бой көтерді. Сонымен қатар 801 елді мекен 100% ауыз сумен қамтылып, халықтың 90%-ы газға қосылды. Өңірлік өнім көлемі 8 жылда 3 есеге артты.
Салтанатты шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Сабырғали Балғалиев және жастар жанашыры Ерболат Балғабаев сөз сөйлеп, жастарды заңды құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және ел дамуына үлес қосуға шақырды.
Жалпы, экобақ аумағында жергілікті климатқа бейімделген тұранғы, үйеңкі, акация, терек және өрік ағаштары егілген. Бұдан бөлек экобақта 4 көпір, күн панельдерімен жұмыс істейтін 170 шам, 3 волейбол алаңы, 1 футбол алаңы, 4 мың ш.м. балалар ойын алаңы, балық аулайтын арнайы 3 жағажай, 11 от жағу алаңы, орындықтар, барбекю аймақтары, сондай-ақ тас пен ағаштан жасалған мүсіндер орнатылған. Құрылысқа экологияға зиян келтірмейтін материалдар пайдаланылды.
Мерекелік кеште қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары өнер көрсетті. Сахна төрінде Айдана Меденова, Ұшқын Жамалбек және Alem және тағы басқа өзге де өнер жұлдыздары әннен шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Previous Post

Түркістан облысы Кентау қаласында заманауи екі зауыт ашылды

Next Post

Облыс әкімінің орынбасары нақты тапсырмалар берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz