gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтіледі

29 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында биылғы бес айда жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 %- ға (674-673-ке) төмендеген. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі мәжілісте айтылды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Айдын Төребеков өңірдегі жол-көлік оқиғаларының жай-күйі туралы баяндама жасады.
Түркістан облысы департамент полиция бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар Цифрландыру басқармасы басшысының м.а Абай Байдаулет жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қойылған камералар туралы, «қызыл нүктелерге» камера орналастыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндаса, ал жол басқармасының басшысының м.а Мейіржан Джалиров Түркістан облысындағы жол көлік оқиғалары жиі болатын белгіленген «қызыл нүкте» орындары бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізу мен сүйемелдеуге қомақты қаржы бөлініп отырғанына қарамастан, жол-көлік оқиғалары мен адам өлімі көрсеткіштерінің әлі де алаңдатарлық деңгейде екенін атап өтті. Осыған байланысты жауапты мекемелерге алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Мәжілісте облыс әкімі бекіткен «Түркістан облысындағы қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету және жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша іс-шараларды орындаудың 2026 жылға арналған жол картасы» аясындағы жұмыстардың орындалу барысы қаралды. Сондай-ақ облыстағы барлық бейнебақылау камераларының жұмысын талдау, автожолдардың жай-күйіне кешенді мониторинг жүргізу, жол апаттарының себептерін жан-жақты саралау, жүргізуші куәліктерінің берілу заңдылығы мен техникалық байқаудан өту сапасын зерделеу, автомектептердегі оқыту деңгейіне талдау жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ Білім басқармасына полиция департаментімен бірлесіп, оқу орнына автокөлікпен және басқа да техникалармен келетін оқушылар бойынша талдау жүргізіп, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.
Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне жан-жақты талдау жүргізуді міндеттеді. Апаттардың жиі тіркелетін орындары мен уақыттары, жол-көлік оқиғасына қатысқан азаматтардың жас ерекшеліктері, құқық бұзушылық түрлері, жолдардың жай-күйі және инфрақұрылымның талаптарға сәйкестігі ескеріліп, статистикалық әрі сараптамалық негізде кешенді талдау әзірлеу тапсырылды. Сонымен қатар жол-көлік апаттары жиі орын алатын қауіпті аймақтарда жергілікті құқық қорғау және полиция органдары тарапынан үнемі рейдтік іс-шаралар жүргізу міндеті жүктелді.
Previous Post

Нұралхан Көшеров қаланы автобуспен аралап, туристік инфрақұрылымымен танысты

Next Post

Кореялық инвесторлармен Түркістан облысында көшелерді жарықтандыру жобалары талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz