gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді

2 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданының тұрғындары келді.
Азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй алу бойынша өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар жұмысқа орналасу, туризим саласы бойынша субсидия алу, ауыз су, жарық, жол және денсаулық саласындағы өзекті мәселелерді көтерді.
Тұрғындардың бірі Түркістан қаласындағы көгалдандыру, жарықтандыру, дезинфекция жұмыстары мен қалалық тұрғын үй бөліміне қатысты шағымданса, енді бірі Шорнақ ауылына емхана салу қажеттігін жеткізді.
Сондай-ақ Төлеби мен Қазығұрт ауданының тұрғындары өтініштері мен ұсыныстарын бейнебайланыс арқылы айтты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелердің шешу жолдарын заңды тұрғыда түсіндіріп, тиісті басқарма басшылары мен әкім орынбасарларына нақты тапсырма берді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.
Previous Post

Мемлекеттік маңызды қадам: Құрылтай сайлауы тағайындалды

Next Post

Қоғамдағы түйткілдерді шешу жолдары сараланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz