gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында «tazaqazbot» ақпараттық жүйесіне 1119 өтініш түскен

8 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында «tazaqazbot» ақпараттық жүйесіне 1119 өтініш түскен
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Аталған жоба аясында атқарылып жатқан іс-шаралардың орындалу барысы мен алдағы жоспарлар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.
Мәжілісте «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар мен анықталған кемшіліктер туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндама жасады.
Тазалық бағдарламасы аясында облысқа қарасты аудандар мен қалаларды абаттандыру, жасыл желектерді күтіп баптау және тазалық шаралары мен сенбіліктер ұдайы ұйымдастырылып келеді. Қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтамағандарға заң шеңберінде әкімшілік шаралар көріліп, 131 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бүгінде «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 1119 өтінім келіп түскен. Өтініштер бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Облыс басшысы осы ақпараттық жүйені елге кеңінен танытып, тұрғындар үшін тазалыққа қатысты мәселелер айтатын мінберге айналдыру керектігін ескертті.
– «Таза Қазақстан» – күнделікті өмір дағдысына айналуы тиіс бағдарлама. Аудан, қала әкімдеріне, жауапты басқарма басшыларына осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын. Аталған бағдарламаның сапалы жүзеге асырылуын әкімдердің жұмыс көрсеткішін көрсететін индикаторлар тізіміне енгізу жолдарын зерделеп, ұсыныс беріңіздер. Өңірдегі туристік бағыттардың бәрін аралап шығамыз. Кемшіліктерге жол бергендерге шара көріледі, – деді Нұралхан Көшеров.
Президенттің республика аумағына 15 миллион ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл Түркістан облысында 1 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Көктемгі маусымда 332 мыңнан астам көшет отырғызылды. Барлық көшеттер облыстағы 14 жергілікті тұқымбақта өсірілуде. Сонымен қатар инвесторлардың қолдауымен қосымша 1 миллионнан астам ағаш отырғызылып, белгіленген жоспар артығымен орындалады деп күтіліп отыр. Биыл облыс көлемінде 3 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 15 жалпыхалықтық акция және кең ауқымды «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өткізілді. Аталған шараларға 355 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 222 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 379 тонна қоқыс шығарылды.
Previous Post

Түркістанда биыл 900-ге жуық пәтер ел игілігіне беріледі

Next Post

Түркістан облысында құрылыс хабын қалыптастыру бағытында келіссөз жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz