gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында бюджетке алты айда 500 млрд теңгеден астам салық түскен

9 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында бюджетке алты айда 500 млрд теңгеден астам салық түскен
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік бюджетке 517,5 млрд теңге көлемінде салық түсті. Нәтижесінде жоспар 101,7 пайызға орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет кірісі 56,8 млрд теңгеге артып отыр. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді.
«Түркістан облысында салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жұмыстарының нәтижесінде 6 млрд теңгеден астам қосымша кіріс көзі анықталып, бюджетке түсті. Оның ішінде, камералдық бақылау арқылы – 2 млрд теңге, жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендіру есебінен – 500 млн теңге, кедендік және ҚҚС әкімшілендіру бағытында – 2,9 млрд теңге, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру нәтижесінде 1,7 млрд теңге қосымша түсім түсті. Көлеңкелі экономикамен күрес және заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Жыл басынан бері кедендік бақылау барысында заңсыз есірткі заттарын тасымалдаудың 27 дерегі, мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 77 және шетел валютасын заңсыз алып өтудің 3 дерегі анықталды. Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында 667 салықтық құқық бұзушылық тіркелді»-деп баяндады сала маманы.
Сонымен қатар, облыстық кірістер департаменті мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін артырып келеді. Жарты жыл ішінде облыс бойынша тұрғындарға 900 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 99 пайызы электронды форматта ұсынылған. Жаңа Салық кодексін түсіндіру және кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында өткізілген «Халық бухгалтері» акциясы аясында 56 іс-шара ұйымдастырылып, 5 мыңға жуық салық төлеушіге тегін кеңес берілді. Бұдан бөлек, салық және кеден заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша 10 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 1414 байланыс орталығы арқылы 20 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралған.
Previous Post

Түркістанда «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдау мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Next Post

Сарыағаш ауданының инфрақұрылымын дамыту жолдары қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz