gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Тауарда көрсетілген баға кассадағы бағаға сәйкес келмесе не істеуге болады?

14 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Тауарда көрсетілген баға кассадағы бағаға сәйкес келмесе не істеуге болады?
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгінгі таңда халыққа тауар сататын супермаркеттерде құқық бұзушылықтың ең көп таралған түрі – витринадағы және кассадағы құнының айырмашылығымен тауарды сату.
Кассадағы тауардың бағасы баға белгісінде көрсетілген құннан аспауы керек.
Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің атына кәсіпкерлік субъектілерге қатысты тұтынушылардаң көптеген арыздар түсуде.
«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 31-бабы 1-тармағының 2 — тармақшасына сәйкес ішкі сауда субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде тауарларды тиісінше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сай белгiленген өлшемдер бойынша сатуға міндетті.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы) тауарды сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған баға жапсырмасымен ресімделген көрсетілген құнға сәйкес сатуға, ал тұтынушы тауарды сатып алуға құқылы.
Құны сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған жапсырмамен ресімделген бағадан асатын тауарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізгені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 193 — бабының 4 — бөлігіне сәйкес — шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 6, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 10, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Егерде өз құқығыңыздың бұзылғанын байқасаңыз, дүкен сөрелерінде тауар бағасы жазылмаған фактілерді анықтасаңыз немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалса, я болмаса сапасыз қызмет алсаңыз Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сол кәсіпкерге қатысты арыз-шағым білдірсеңіз болады. Ол үшін «жедел желі» нөмірлеріне (+7771 322 8282, +7700 606 0071, +7775 224 5616, +7707 347 3876), сондай-ақ, электронды және жазбаша өтініштерді департаменттің мекенжайына (Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, А корпусы, 427 кабинет), «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберуге болады.
Previous Post

Түркістанның тарихи-мәдени мұралары насихатталды

Next Post

Сапасыз өнім немесе қызмет үшін ақшаны қалай қайтаруға болады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz