gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда жаңа жағажай ашылды

20 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда жаңа жағажай ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласындағы Орталық Азияда теңдесі жоқ Есу арнасында суға шомылуға арналған жаңа жағажайдың ашылуы өтті.
Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы қатысып, жаңа демалыс орны тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында ашылғанын атап өтті.
Жағажайдың ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайды. Демалыс аймағында суға түсуге арналған арнайы орындар, 4 құтқару мұнарасы, киім ауыстыру бөлмелері, көлеңкелі шатырлар, балалар ойын және су сырғанақ алаңдары, жағажай волейболы мен воркаут алаңдары, катамаран және қайықпен серуендеу қызметі, банджи-батут секілді ойын-сауық нысандары қарастырылған.
Су сапасы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және экология саласы мамандарының зертханалық тексерулерінен өткен. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы дайындықтан өткен құтқарушылар тұрақты қызмет атқарады.
Ашылу салтанаты мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, келушілер жағажайдың мүмкіндіктерін пайдаланып, суға түсіп, қайықтармен серуендеуге мүмкіндік алды.
Айта кетейік, жағажай күнделікті сағат 08:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Кіру құнына келсек, 6 жасқа дейінгі балаларға – тегін, 7-14 жас аралығына – 500 теңге, 15 жастан жоғары келушілерге – 1000 теңге.
Previous Post

«Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен соңғы 5 жылда 2 мыңға жуық іс-шара өткен

Next Post

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республикада бірінші орында тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz