gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының колледждеріне жаңа оқу жылына 15600 мемлекеттік грант бөлінді

23 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының колледждеріне жаңа оқу жылына 15600 мемлекеттік грант бөлінді
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын дамыту, білім сапасын арттыруды тапсырған болатын. Бұл ретте Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей қадағалауымен қажет мамандарды даярлау, оларды жұмыспен қамту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр.
2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кадрларды даярлау бойынша 15 600 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Бүгінгі күнге 24 549 орынға сұраныс түсіп, оның 17 042-сі аудан және қала әкімдіктерінің ұсыныстары қалыптастырылды.
Құжат қабылдау 25 маусым-29 тамыз аралығында «OQU» ұлттық білім беру платформасы арқылы жүргізілуде, қазіргі таңда 5 500-ден астам талапкер қабылданды.
Мемлекеттік тапсырыс еңбек нарығының нақты қажеттілігі, инвестициялық жобалар, жұмыс берушілердің сұранысы және колледждердің мүмкіндіктері ескеріле отырып жасақталды. Ауыл шаруашылығы, ветеринария, қайта өңдеу, құрылыс, инженерлік инфрақұрылым, ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, туризм және қызмет көрсету салаларындағы техникалық және жұмысшы мамандықтарға басымдық берілді.
Өткен жылы облыс колледждерін 12 619 түлек аяқтап, олардың 81% жұмыспен қамтылған. Сондықтан жаңа оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы сапалы білім беруге, қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыруға және әрбір түлектің мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасуына бағытталып жатыр.
Previous Post

Нұралхан Көшеров: «Бөлінген бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы қатаң бақылауда болады»

Next Post

«Таза Қазақстан»: «Шардара» су қоймасының жағалауына бақылау жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz