Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі бірқатар негізгі жаңалықтарды көздейтін заң қабылданды.
Қабылданған заң шеңберінде 2026 жылы МӘМС жүйесі жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен дағдарысты және шұғыл әл-ауқат деңгейі (Д және Е санаттары) бар 1 миллионға жуық адамды қосымша қамтитын болады.
Халықтың осы санаттары үшін жарналар осы азаматтардың медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін болады.
Бүгінгі таңда 16,9 млн адам (82,6%) сақтандырылған, оның ішінде 11,9 млн адам (59,5%) халықтың жеңілдетілген санаттарына жатады, олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Бұл мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетеді.
МӘМС жүйесінен тыс 3,4 млн-ға жуық адам қалады, оның ішінде 2,4 млн-ы жағдайы жақсы және қанағаттанарлық өмір сүру деңгейі бар азаматтар, ал 1 млн-ға жуығы — әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыстық (Д) және шұғыл (Е) деңгейлеріне жататын азаматтар.
Өркен емханасы



