gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы мен Өзбекстан өңірлері арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді

24 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысы мен Өзбекстан өңірлері арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді
Share on FacebookShare on Twitter
Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысы аясында Түркістан облысы мен Өзбекстанның бірқатар өңірлері арасында маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылды.
Ресми іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өңіраралық әріптестікті дамытуға бағытталған бастамаларды қолдады. Кездесу қорытындысы бойынша Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасының Самарқанд, Ташкент және Жызақ облысы облыстары арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісімдерге қол қойылды. Құжаттар сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет, білім беру және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар Түркістан облысы мен Жызақ облысы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Жол картасы бекітілді. Құжатта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға арналған нақты іс-шаралар, орындау мерзімдері және жауапты тараптар айқындалған.
Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Түркістан облысы мен Өзбекстан өңірлері арасындағы өзара іс-қимылдың қарқыны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қол қойылған келісімдер инвестиция тартуға, өзара сауда көлемін ұлғайтуға, өндірістік кооперацияны дамытуға және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға тың серпін береді.
Бүгінде Түркістан облысы мен Өзбекстан өңірлері арасында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика, туризм, кәсіпкерлік және инвестиция салаларында тиімді ынтымақтастық қалыптасқан. Жаңа келісімдер осы байланысты одан әрі нығайтып, екі ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына және өзара тиімді әріптестіктің кеңеюіне мүмкіндік береді.
Previous Post

Ақтауда Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесінің бірінші отырысы өтті

Next Post

Президент тапсырмаларын іске асыру: шағын бизнеске 21 млрд теңге қолдау көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz