gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан мен Риштан арасында бауырластық туралы меморандумға қол қойылды

26 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан мен Риштан арасында бауырластық туралы меморандумға қол қойылды
Share on FacebookShare on Twitter
Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «Бауырлас қалалардың халықаралық форумы» өтуде. Шараға 20-ға жуық елден 300-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ, Әзербайжан, Сербия (Белград), Жапония, Қытай, Ресей, Түркия және өзге де мемлекеттердің қала әкімдері, муниципалитет басшылары, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастық пен сарапшылар бар.
Форумға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Бекбол Аманжол мен кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Өмірзақ Адхам қатысуда.
Шараның басты нәтижелерінің бірі – Түркістан қаласы мен Өзбекстан Республикасының Риштан қаласы арасында бауырластық және серіктестік қатынастар орнату туралы меморандумға қол қойылуы болды. Бұл құжат екі қаланың байланысын жаңа деңгейге көтеріп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, инвестиция тартуға, туризмді дамытуға, білім, ғылым, мәдениет, спорт және жастар саясаты бағыттарында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.
Форум аясында делегациялар «Мәңгілік қала» туристік кешенінде өткен Достық ағашын отырғызу рәсіміне қатысты. Бұл игі дәстүр бауырлас қалалар арасындағы достықтың, өзара сенімнің және ұзақ мерзімді әріптестіктің белгісі ретінде өткізілді.
Сонымен қатар B2B және B2G форматындағы кездесулер ұйымдастырылып, кәсіпкерлер, инвесторлар мен мемлекеттік органдардың өкілдері инвестициялық жобаларды іске асыру, іскерлік байланысты кеңейту және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Түркістан – түркі дүниесінің рухани астанасы әрі еліміздің тарихи-туристік орталықтарының бірі. Ал Риштан – әлемге дәстүрлі керамика өнерімен танылған Өзбекстанның көне қалаларының бірі. Екі қаланың серіктестігі мәдени мұраны сақтауға, туризмді, қолөнерді және кәсіпкерлікті дамытуға жаңа серпін береді.
Самарқандтағы халықаралық форум аясында қол жеткізілген келісімдер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып қана қоймай, өңіраралық байланысты жаңа деңгейге көтеруге және бауырлас қалалар арасында нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыруға берік негіз қалайды.
Previous Post

Сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Next Post

Сіздің дауысыңыз – ел дамуына қосқан маңызды қадам!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz