gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда қысқы мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

27 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда қысқы мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту және мал шаруашылығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында орналасқан «KX Real Meat» шаруашылығында қысқы мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр.
Биыл шаруашылықта жалпы көлемі 25 гектар алқапқа жүгері дақылы егілген. Егіс алқабы толықтай заманауи тамшылатып суару технологиясымен жабдықталған. Бұл тәсіл су ресурстарын тиімді пайдаланумен қатар, өнімнің сапасы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жиналатын өнім күз мезгілінде дайындалып, қыс бойы шаруашылықтағы мал басын сапалы азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жем-шөп қорын нығайтып, сырттан сатып алынатын азыққа тәуелділікті төмендетуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, суару жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық аумағында биыл тереңдігі 50 метрлік құдық қазылып, сыйымдылығы 720 тонна су бассейні қазылған. Нәтижесінде егіс алқаптарын сумен тұрақты қамтамасыз етуге қолайлы жағдай жасалған. Мұндай бастамалар өңірде су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуге, жем-шөп қорын молайтуға және мал шаруашылығының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң әсерін тигізуде.
Previous Post

Биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді

Next Post

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz