gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыс қаласында тұрғындардың сұранысы бойынша тағы бір елді мекеннің жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

28 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Арыс қаласында тұрғындардың сұранысы бойынша тағы бір елді мекеннің жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Share on FacebookShare on Twitter
Арыс қаласы, Дермене ауылдық округіне қарасты Қаражантақ елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, бүгінде аяқталу кезеңіне жетті.
Аталған жолды жөндеу мәселесі қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тұрғындармен өткізген кездесулерінде бірнеше рет көтерілген болатын. Елді мекен тұрғындарының өтініші ескеріліп, тиісті қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, ұзындығы 6,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жолдың негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталуға жақын. Жаңартылған жол Қаражантақ тұрғындарының қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және ауылдың көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, соңғы жылдары Қаражантақ елді мекенінде тұрғындардың сұранысына сәйкес, бірқатар инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, Ақжусан көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылып, №1 көшеге қиыршық тас төселді. Сонымен қатар балалар ойын алаңшасы пайдалануға беріліп, қазіргі таңда елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, облысқа қарасты ауылдардың инженерлік және жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады.
Previous Post

Түркістандағы көне қалашықтың қорғанына реставрация жұмысы жүргізіліп жатыр

Next Post

Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін заманауи зауыттың құрылысы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz