gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

3 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында кезекті кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық акциясының негізгі мақсаты – аудан аумағының санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру.
Сенбілік барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, елді мекендердің ішкі көшелерінде, саябақтар мен қоғамдық орындарда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Жол жиектеріне, арық-атыздарға және қоғамдық орындарға бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтар жиналып, арамшөптер шабылды, ағаштардың қураған бұтақтары кесіліп, айналаны абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Тазалық іс-шарасы таңғы сағат 08:00-де басталып, оған Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, қала және 13 ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің өкілдері, коммуналдық сала қызметкерлері, жастар белсене қатысты.
Сенбілік барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты сала басшыларына санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруды, қоғамдық орындардың тазалығын тұрақты бақылауда ұстауды, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстардың үздіксіз жүргізілуі қажеттігін атап өтті.
Тазалық – мәдениеттің айнасы, өркениетті қоғамның белгісі. Сондықтан барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, қоғамдық орындарды ластамауға және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз.

#Таза_Қазақстан

Previous Post

Президент тапсырмасы орындалды: Шардара қаласы сапалы ауыз сумен толық қамтылды

Next Post

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz