gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында биыл 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды

4 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында биыл 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында тұрғындарды жұмыспен қамту, өндіріс орындарын көбейту және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған кешенді жұмыстар атқарылып келеді. Биыл облыс көлемінде 59 979 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жалпы облыс халқының саны 2 146 665 адамға жетті. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 837 990 адамды құраса, жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 40 088 адамды құрайды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, биыл «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 74 516 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Сонымен қатар, ҚР Президенті бекіткен ұлттық жобалар мен мемлекеттік тұжырымдамалар аясында 284 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру арқылы 2 465 жұмыс орнын құру көзделген. Қазіргі таңда 217 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 1 967 жаңа жұмыс орны ашылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасы аясында облыста 10 211 жұмыс орны іске қосылды.
Жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту мақсатында Enbek.kz платформасы арқылы 4 407 адам онлайн курстардан өтіп, арнайы сертификатқа ие болды. Бұдан бөлек жаңа бизнес-идеяларды қолдау мақсатында 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1 450 адамға шамамен 2,5 млрд теңге көлемінде мемлекеттік грант беру жоспарланған.
Оған қоса 2026 жылғы І тоқсанының қорытындысы бойынша облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады. Оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 1,9%, ал әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 5,0%.
Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау шаралары аясында аз қамтылған 43 818 адамға жалпы көлемі 3,6 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 68,6%-ға азайды. Бұдан бөлек, 4 359 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, жастар практикасы бағдарламасы бойынша 4 291 жас жұмыспен қамтылды.
Previous Post

Полицейлер ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға қатысты 350-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады

Next Post

Түркістан облысы үш ірі кластермен жаңа деңгейге көтерілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz