gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда жаңа «Достық үйі» ғимараты пайдалануға берілді

5 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда жаңа «Достық үйі» ғимараты пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласы, Қарнақ елді мекенінде заманауи үлгідегі «Достық үйі» ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. Жаңа нысанды толық аралап көріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
— Құрметті қарнақтықтар! Баршаңызды тарихи Қарнақ ауылындағы жаңа 300 орындық «Достық» үйінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аймақтарда «Достық» үйлерін көбейтуді тапсырған болатын. Түркістан облысында осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Облыс орталығында «Достық» үйі ашылып, ауқымды жиындарды қабылдайтын орынға айналды. Қазақ руханияты мен ел бірлігін насихаттайтын мұндай орталықтардың маңызы зор. Қарнақта бой көтерген жаңа нысан – елдің рухани өмірін жандандырып, өнер мен мәдениеттің, бірлік пен татулықтың алтын ордасына айналады деп сенемін. Қарнақ ауылы – талай ғұлама мен дін қайраткерлерін тәрбиелеген тамыры терең мекен. Осындай киелі өлкеде жаңа орталықтың ашылуы – заңдылық. Бүгін пайдалануға беріліп отырған «Достық» үйі жастардың өнерін шыңдайтын, ақсақалдар мен аналардың басын қосатын, түрлі мәдени-көпшілік шаралар өтетін берекелі мекен бола берсін. Қарнақ ауылының дамуына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан барша азаматтарға, құрылысшыларға және осы игілікті істің жүзеге асуына үлес қосқан жандарға ризашылығымды білдіремін. Жаңа нысан құтты болсын!Тәуелсіз еліміз мәңгі жасап, бірлігі жарасқан халқымыздың бағы жана берсін! — деді Нұралхан Оралбайұлы.
Ғимараттың жалпы ауданы 2844,71 шаршы метрді құрайды. Жобалық-сметалық құны 1 277,8 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын «РСУ-1» ЖШС-нің мердігер мекемесі жүргізді. Ғимарат сыйымдылығы 300 адам. Нысан заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Previous Post

«Дін мен дәстүр – бірлікке бастар жол»

Next Post

Кентауда шығарылған газ қазандықтары орталық азия елдеріне экспортталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz