gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлық қоғамның ортақ міндеті

21 февраля, 2026
in Қоғам
0
Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлық – тек құқық бұзушылық қана емес, ол мемлекет беделіне деген халық сеніміне селкеу түсіретін, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін және әлеуметтік-экономикалық дамуға кері әсер ететін аса қауіпті дерт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу. Халық тек жеке шенеуніктердің жауапқа тартылғанын ғана көрмей, сондай-ақ сол мекемеде мұндай жағдайдың қайталанбайтынына көз жеткізуі тиіс» – деп нақтылаған болатын. Бұл пікір сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін тек жазалау ғана емес, оның алдын алу жүйесін қалыптастыруға байланысты екенін анық түсіндіреді.

Сыбайлас жемқорлықтың салдары тек жеке тұлғаларға ғана емес, қоғамның барлық саласына әсер етеді. Ол мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын төмендетіп, әлеуметтік қажетті инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына кедергі келтіреді. Мемлекет институттарына деген сенім азайған сайын, қоғамда құқыққа бағыну мәдениеті әлсірейді, ал экономикалық даму тежеледі. Сол себепті, жемқорлықтың алдын алу – әрбір азаматтың және мемлекеттік қызметшінің парызы болып табылады.

Кентау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы негізінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл құжат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тек жазалау арқылы емес, оның алдын алу және тәуекелдерді азайту жолымен тиімді жүргізуге бағытталған.

Қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясы 2025 жылы 5 рет отырыс өткізді. Отырыстарда қаладағы сыбайлас жемқорлық ахуал жан-жақты талданып, әрбір сала бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қала көлемінде жүйелі түрде жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және қала әкімдігінің ресми интернет ресурстары арқылы ақпараттық хабарлама, билборд, парақшалар мен жаднамалар халыққа тұрақты түрде жеткізілуде. Сонымен қатар, пара беру, сыйлық алу туралы ақпарат мемлекеттік мекемелерде көрнекі жерлерге орналастырылған, оның ішінде 1424 телефон нөмірі көрсетілген.

Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында үнемі жиындар, семинарлар, түсіндірме жұмыстар жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен ауыл әкімдері аппараттарында «Сенім телефондары» мен «Сенім жәшіктері» орналастырылып, қызмет атқарушылар өз өтініштерін, шағымдарын онлайн түрде жібере алады. Әрбір өтініш жылдам өңделіп, нәтижелері бойынша кері байланыс беріледі.

Қала әкімдігі басқаратын барлық жиналыстарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқық бұзушылыққа әкелетін әрекеттер, алдын алу шаралары тұрақты түрде талқыланып, бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар, білім беру, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қолдау, құрылыс, инфрақұрылым тұрғын үй салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған жобалар картасы әзірленіп, тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Жоғарыда аталған шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, құқықтық сауаттылықты нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық тәртіпті қалыптастыру. Өйткені құқықтық сауаттылық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ең негізгі қару.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың, қоғамның, ұйымдардың, бизнес секторының да ортақ міндеті. Тек осылай ғана елдің болашағы жарқын, мемлекет институттарына сенім арту тұрақты болады.

Жандос ТАСОВ,
Кентау қаласының әкімі

Previous Post

Кентаудағы дуальді оқыту жүйесі жас мамандарды жұмыспен қамтуда оң нәтиже беруде

Next Post

Қазығұрттағы Махамбет елді мекені 24 сағат ауыз сумен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz